Алдағы уақытта біздің өңір мен көршілес Ресей елінің Новосібір облысы арасындағы өзара әріптестік беки түспек. Екі аймақтың басшысы тиісті құжатқа қол қойды.

Бүгінде Башқұртстан Респуб-ликасының Уфа қаласында Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы өтіп жатыр. Кеше аталған жиын аясында облыс әкімі Асайын Байханов пен Новосібір облысының губернаторы Андрей Травников Павлодар және Новосібір облыс-тары арасындағы ынтымақтастықты дамыту бағдарламасына қол қойды.

Жаңа үш жылдық жоспарға қол қою екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және 2003 жылы қол қойылған келісімді іске асыруға бағытталған. Құжат өнеркәсіп және сауда, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет және спорт саласындағы ынтымақтастықтың 10 бағыты бойынша бірлескен іс-шараларды іске асыруды, оның ішінде дәрігер мамандарды тағылымдамадан өткізуді, білім беру қызметкерлерінің делегацияларымен алмасуды және мәдениет күндерін өткізуді көздейді.

Аймақ басшысы Новосібір облысы — негізгі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

— Біздің шекара маңындағы аумақтарымыз ТМД-ның Азия елдері мен Ресей арасындағы жаңа қатынастарды модельдеуге негіз болатын Ресейден Азияға дейінгі негізгі сауда және көлік жолдарының өзіндік қарым-қатынас рөлін атқарады, — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кездесу барысында Асайын Байханов өнеркәсіптік кооперация әріптестігін дамыту перспективаларын айқындап, қолайлы инвестициялық ахуал және өңірдің арнайы экономикалық аймағы ұсынатын жеңілдіктер мен тиімді тұстар туралы айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.