Photo Valeriy BUGAYEV

Өңірімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті шетелдік инвесторлардың қатары артып келеді. Таяуда ғана ресейлік компания аймақта құрылыс материалдарын дайындауға қатысты жоба ұсынса, бұл жолы қытайлық кәсіпкерлер алюминий өнімдерін өндіруге ынталы.

Павлодар облысының инвестициялық әлеуеті зор. Мұны қытайлық инвесторлармен кездескен облыс әкімі Асайын Байханов ерекше атап өтті. Аймақ басшысы «East Hope Group» компаниясының өкілдерімен кездесіп, облыста бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарларын талқылады. Бұл ретте облыста бизнес жүргізудің артықшылықтары, өңірдің инвестициялық саясаты таныстырылды.

«East Hope Group» бас директоры Мэн Чжанцзюн аймақтағы инвестициялық жоспарлары туралы айтты. Бұл компания әлем бойынша электролиттік алюминий және алюминий тотығын өндірушілердің ондығына кіреді. Қытай компаниясы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып, ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына үміт білдірді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген — Валерий Бугаев.