Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ауысты. Бұл қызметке Дархан Досжанов тағайындалды.
Облыс әкімінің өкімімен Дархан Досжанов Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Дархан Төлеуұлы 1976 жылы туған, жоғары білімді. Инновациялық Еуразия университетін «Агрономия» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып бастаған. Әр түрлі лауазымда, соның ішінде бөлім басшысы ретінде еңбек етті. 2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтоғай ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суретті түсірген — Әлібек Дженалинов.