Бейбітшілікті сипаттайды

Мам 2, 2025

Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Халықтар достығы – мәңгілік» атты көрме өтті.

Шарадағы экспозициялар ортақ тарих пен тағдыр біріктірген елдердің бейбітшілігін сипаттайды. 100-ге жуық қолданбалы зат көпұлтты елдің қазынасын кең игергенін көрсетеді.

Аталмыш көрменің мақсаты – көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік пен бірліктің маңыздылығын атап көрсету, Қазақстан халқының бай мәдени мұрасын насихаттау және Қазақстан халқы Ассамблеясы-
ның қоғамдық келісім институты негізіндегі қызметін көрсету.

– Бүгінгі көрмеге жоғарғы білім беру тарихи ғылым кандидаттары, мамандары қатысып отыр. Жәдігерлер жан-жақты этномәдени орталықтарынан жиналып, қоғамда маңызы зор көрмеге қойылды. Өңір тұрғындарының Ассамблеяның 30 жылда терген еңбектің жемісін тамашалауға мүмкіндіктері бар, – дейді Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспози-циялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің маманы Жадыра Каткенова.

«Халықтар достығы – мәңгілік» көрмесінде Павлодар облысында тұратын халықтардың тарих, мәдениет, дәстүр мен өнерін бейнелейтін материалдар ұсынылды. Онда халық қолданған шығармашылық бұйымдар, тұрмыстық заттар, кәдесыйлар, музыкалық аспаптар мен діни ғибадат заттары бар.

Аталмыш көрме — тек мәдени шара ретінде танылмай, түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы тату-
ластық, өзара құрмет пен ұлттық құндылықтарын нығайтуға бағытталған шара.

Салтанат ҒАББАС.