Өздеріңіз білетіндей, Президентіміз Қазақстан халқына Жолдауында АЭС құрылысына байланысты республикалық референдум өткізуді ұсынған болатын. Сол себепті бұл референдумның өткізілуі — тарихи сәттердің бірі деп танимын.

Жалпы, елдегі білікті мамандар электр энергиясының тапшылығын көріп, айтып жатса да, халықтың бәрі бірдей бұл мәселені біле бермейді. Қарапайым халыққа бұл электр қуаты таусылмайтын энергия сияқты болып көрінуі де мүмкін. Сол себепті, түсіндіру жұмыстары бойынша құрылған АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың қызметкерлеріне өз кезегімде сәттілік тілеймін.

Атом энергиясы – энергияның ең тиімді және сенімді көздерінің бірі.  Ал АЭС салу — Қазақстан үшін маңызды қадам. Бұл жұмыспен қамту деңгейін арттырып қана қоймай, ғылым мен білімнің дамуына серпін береді. Қорыта айтқанда, Қазақстандағы атом электр станцияларының құрылысын қолдау – еліміздің болашағына салынған инвестиция. Бұл — тұрақты дамуды, энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және қазіргі және болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қадам.

 Даяна ОРАЗБЕКОВА,

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 4-курс студенті, «Жастар рухы» ЖҚ белсендісі.