Аймағымызға Экология және табиғи ресурстар министрі жұмыс сапарымен келіп, «Ертіс орманы» резерватындағы ахуалмен танысты. Нақтысы, ормандағы өртпен күреске дайындығын пысықтады.

 

Министр Ерлан Нысанбаев резерваттағы орман өртін сөндіру станцияларын аралап, өрт сөндіру техникасын, жабдықтары мен құралдарын тексерді. Сондай-ақ, мұнда жаңа өрт сөндіру станцияларын салу мәселесі көтерілді.

Шалдай филиалының орталық орман өрт сөндіру станциясында резерваттың бас директорының міндетін атқарушы Қазбек Әметов министрге өртті ерте анықтауға арналған жүйемен және орман тұқым-бағының жұмысымен таныстырды.

 

Г.МАҒЖАН.