Санаулы күндерден кейін елімізде жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтеді. Астықты өлке Ертіс ауданында маңызды саяси сәтке дайындық қызу жүргізілуде.
Учаскелік референдум комиссиялары тізімдегі дауыс берушілерді түгендеп, шақыру билеттерін таратуда. Референдум күні ауданда 27 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Жалпы саны 10 мың 572 адам дауыс беру құқығына ие. Сонымен қатар,
18 жасқа толған 145 адам алғаш рет дауыс береді. Үйде дауыс беретіндердің саны референдум күні белгілі болады. Өтініштер қабылдануда.
Қазіргі уақытта коалиция мүшелері ауылдарды аралап, тұрғындарға жаңа Конституция жобасын түсіндіруде. «Есіктен — есікке» акциясы аясында дауыс берушілерге жадынама таратуда.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
