ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары азаматтардың дербес деректерін қорғауға бағытталған заң жобасын мақұлдады. Құжатта ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша еліміздің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар қарастырылған.
Заң жобасы ақпаратты қорғаудың құқықтық базасын қалыптастыру жұмыстарының жалғасы болып отыр. Құжаттың бірінші блогы дербес деректерді қорғаудың қосымша шараларына арналған. Яғни, жеке мәліметтер айналымы мен оларды сақтау саласына мемлекеттік бақылау енгізілмек. Бұл қадам операторлардың алдын алу жұмыстарын жолға қоюға мүмкіндік береді деп күтілуде. Заң жобасына сәйкес әрбір оператор реттеуші органға дербес деректердің тарап кетуі туралы хабарлауы тиіс. Оқиға орын алған сәттен бастап үш күн ішінде ақпарат берілуі қажет. Құжаттың екінші бөлігінде «ақ хакерлер» институтын және баг баунти платформасының қазақстандық баламасының жұмысын құқықтық тұрғыдан реттеу ұсынылып отыр. Бұл шара ақпараттық жүйелердің қателіктері мен кемшін тұстарын анықтауға осы сала зерттеушілерін тартуға ықпал етпек. Заң жобасының үшінші блогында ақпараттық қауіпсіздіктің мемлекеттік орталығын құруға бағытталған. Бұл орталық тек мемлекеттік органдардың ақпараттандыру нысандарына қызмет көр- сетеді. Бүгінде елімізде 350-ге жуық мемлекеттік ақпараттандыру нысаны бар. Орталық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметі жанында жұмыс істейтін болады.
Өз тілшіміз.