Ақсу қаласына қарасты Қалқаман елді мекенінде ағымдағы жылы екі елеулі инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде жұмыссыздық мәселесі шешіл-мек. Бұл ауылда бүгінде жұмыссыздық деңгейі жоғары, салдарынан халық саны азаюда. Қолға алынатын қос жоба сәтті іске қосылса, 340 адамды жұмыспен қамтиды. Жобалардың барысы Ақсу қаласының ауылдық аймақтарының тыныс-тіршілігімен танысуға барған облыс әкімі Асайын Байхановқа жан-жақты баяндалды.
Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ
Қос ғимаратты қосады
Алдымен, аймақ басшысы Спутник елді мекеніндегі өзгерістермен танысты. Ауыл тұрғындары бұрын медициналық қызмет алу үшін мектеп ішіндегі жалғыз кабинетті жағалауға мәжбүр болды. Ал мектепке кішінің де, үлкеннің де кіріп-шығуы талапқа сай емес еді. Осы мәселе ескеріліп, бұрнағы жылы мектеп ғимаратының 55 шаршы метрлік бөлігі Ақсу қалалық ауруханасының балансына берілген. Аурухана басшылығы биыл өз қаражаты есебінен Спутниктегі ғимаратқа жөндеу жүргізіп, ауылдық медициналық пункт етіп жабдықтаған. Ең бастысы оған кіріп-шығатын есік мектептен бөлек қарастырылған. Спутник елді мекеніне аптасына бір рет келіп тұрғындарды қабылдайтын Береке ауылдық амбулаториясының жалпы практика дәрігері Айнұр Бейсембаеваның айтуынша, медициналық пунктке 150 адам тіркелген. Жалпы ауылда 232 адам тұрады. Олардың кейбірі теміржол станциясында, теміржолда жұмыс істейтіндіктен ұлттық компанияға қарасты ауруханаға тіркеліп, тиісті медициналық көмек алады. Ауылда 1 жасқа дейінгі екі сәби, 44 зейнеткер тұрады.
— Аптасына бір рет келіп тұрғындарды қабылдаймын. Меди-циналық пунктте бір медбике, бір санитар маман жұмыс істейді. Ем-шара кабинетінде екпе және өзге де скринингтік шаралар жасалады. Әр сәрсенбі сайын қан қабылданады. Оны Ақсуға жеткіземіз. Жас шамасына қарай скринингтен өтетін азаматтарды жинап, Ақсуға апарып отырамыз, — дейді А.Бейсембаева.
Сапар барысында Ақсу қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Қайырлы Қабылов медициналық мекеменің жоба-жоспарларымен таныстырды. Соның бірі — емхананың қос корпусының арасын жалғайтын галерея ғимараты. Қыста суықта, жазда жаңбырлы күндері екі ғимарат арасында кіріп-шығу науқастарға да, медициналық қызметкерлерге де қиындық туғызады. Осыны ескеріп, екі ортаға қосымша галерея салу көзделген. Жобаның қажеттілігін 2023 жылдың соңында Ақсуға сапары кезінде облыс әкімі Асайын Байханов қолдаған. Құзырлы органдарға жобалық-сметалық құжатын әзірлеуді тапсырған. Аурухана бас дәрігерінің айтуынша, жобалық құжат былтыр қазан айының соңында мемлекеттік сараптамадан шыққан, оң қорытынды алыныпты. Бірақ, облыстық бюджет бекіткенге дейін ұсынып, үлгермей қалған. Жобалық-сметалық құжат демеушілер қаражатына жасалыпты. Яғни, мемлекеттік сараптамаға ғана бюджеттен төленген. Жоба құны 205 млн теңгеге бағаланған. Қаржы бөлінсе, үш айда салынбақ. Нәтижесінде емхананың тағы 347 шаршы метр қосымша ауданы пайда болады. Мұнда аурудың алдын алу бөлімшесі ашылады. Яғни, дәрігерге дейінгі кабинет, ерлердің, әйелдердің жеке скринингтік кабинеттері қарастырылады. Жалпы емханада бүгінде 44 учаске бар, оның бесеуі педиатриялық, төртеуі терапевтік болса, қалғаны — жалпы практика дәрігерлері. Бүгінде емханада үш жалпы практика дәрігерінің, тағы екі профильді маманның орны бос тұр.
— Бұл жобаны әу баста қол-дағанбыз. Жобалық-сметалық құжаты дайын болса, бюджетті көктемгі нақтылау кезінде қаржы бөлеміз. Ал сіздердің міндеттеріңіз — оны уақытылы, сапалы салып, қолданысқа беру, — деді Асайын Қуандықұлы.
Су үздіксіз беріледі
Бұған дейін Спутник тұрғын-дарының бірі ауылдағы ауызсу мәселесін көтерген еді. Судың сапасына және үздіксіз берілмейтінін алға тартқан. Алайда, аталмыш ауыл құрамына кіретін Достық округінің әкімі Айгүл Бекбергенованың айтуынша, қазіргі таңда су мәселесі толық шешілген. Яғни, бұрыннан бұл ауыл «Қазақстан теміржолы» станциясына тиесілі магистральдан, КБМ-нен ауызсу тұтынып келді. Нысанның тозуына байланысты аракідік ауызсу беру кідіріп қалатын көрінеді. Ал оны ауылдық округ балансына алып, реттемек болғанда құжаттарынан қателіктер көп шыққан. Оған қоса, бұрын орнатылған сүзгілердің жаңасы қазіргі күні шығарылмайды екен. Содан округ әкімі Қызылжар ауылынан контейнер әкеліп, ұңғыма арқылы келетін суды тазартатын сүзгі орнатқан. Осылайша, елді мекенде бүгінде екі КБМ бар. Сондықтан, су үзілмейді деп сендірді. Орталық КБМ тоқтап қалған жағдайда қосымша КБМ кәдеге жарайды. Суға сараптама жасалған, барлық талаптарға сай екені анықталды.
Ауызсу мәселесінің жайын білгеннен соң аймақ басшысы ауылдық азаматтардан тағы қандай бұйымтайлары барын сұрады. Олар ауылдық клуб, жаңа үйлер салынса немесе ескі екі қабатты үйлер қалпына келтірілсе деген тілек білдірді. Сонымен қатар, тұрғындар Павлодар мен Спутник арасына автобус билетінің құнын арзандатуды өтінді. Екібастұз-Павлодар бағытындағы маршрут 1 мың теңгеге жуық ақы алады.
— Әрине, біз клуб, үй салуға қарсы емеспіз. Бірақ, ол үшін халық санын арттыру керек. Тұрғындар қатарын көбейту үшін жұмыс орындары ашылуы тиіс. Ауылдарда осы бағытта жұмыстар жүргізудеміз. Ал автобус билетіне қатысты мәселесімен айналысамыз, — деді А.Байханов.
Айта кетейік, былтыр Спутник ауылында көшелер толық жарық-тандырылған. Жергілікті бюджет есебінен жарықтандырудың 60 бағаны, 90 жарықшам орнатылған. Енді биыл жергілікті қазына қара-жатына шағын балалар ойын алаңын ашу жоспарлануда. Ал облыстық бюджеттің бонустық трансфертіне ауылдың кіреберіс жолына орната жөндеу жүргізіледі.
Құрама жем қолға алынады
Ал Қалқаман ауылында аймақ басшысы мұндағы екі іргелі жобаның жай-жапсарымен танысты. Біріншісі — рафинадталған, рафи-надталмаған күнбағыс майы, күнжара деген жоғары протеинді мал азығы өндірілетін зауыт құрылысы. Инвестор — «Ертіс Агро» ауыл шаруашылығы-өндірістік коопе-ративі. Кооперативтің басқарма төрағасы Ерлан Тоқтышақовтың мәлімдеуінше, жаңа зауыт жылына 30 мың тонна шикізат өңдеуге қауқарлы. Кейін 50 мыңға жеткізу мүмкіндігі де қарастырылмақ. Жоба құны – 2,9 млрд теңге. Оның 1,5 млрд теңгесін кооператив мүшелері бірігіп шығарса, қалған 1,4 млрд теңгесін қаржы ұйымдарынан несие түрінде алу көзделген. Нысанның жобалық-сметалық құжаты — қазір мемлекеттік сараптамада. Ақпан айында әзір болмақ. Содан кейін қаржы алып, құрылысқа кіріспек. Сәтін салса, өндірісті биыл қыркүйек айында іске қосу көзделген. Демек, алдағы күзгі өнімді өңдеуге кірісе алады. 40 адам жұмыспен қамтылады. Орташа жалақы 400 мың шамасында болады деп болжануда. Кәсіпорынның жабдықтары Қытайдан жеткізіледі. Өнімдері ішкі нарықта, Қытай, Ауғанстан, Өзбекстан елдерінде сатылады. Қазірдің өзінде келіссөздер басталып кетіпті. Қалдықсыз кәсіпорында май мен күнжара өндірісінен шыққан қалдықтың бірі тұрмыстық химияға бағытталмақ. Нақтысы, сабын өндірісіне жарайды. Ал көмір қалдығын инвестор құрылыс материалын жасауға қолданбақ.
Зауыт жылына 30 мың тонна күнбағыс түріндегі шикізатты өңдеп, одан 9 мың тонна рафинадтал-маған сұйық май, 3,5 мың тонна рафинадталған май, 10 мың тонна күнжара өндірмек. Нысан сэндвич-панельдерден жылдам салынады. Кооперативтің Успен, Железин, Ертіс аудандарынан тартылған 12 мүшесі кәсіпорын құрылысына ынталы. Кезінде 48 шаруашылық кооператив құрамына кіргенімен, кейін оның келешегіне күмән келтіріп, көбі шығып кеткен екен. Басқарма төрағасы Е.Тоқтышақов жоба жүзеге асса, кезінде Ақтоғай, Екібастұз, Баянауыл, Май, Ақсу аудандарының шаруашылықтарын сапалы қорекпен қамтып тұрған құрама жем азығы өндірісін жандандырғымыз келеді, дейді. Аймақ басшысы бірегей жобаға жан-жақты қолдау болатынын мәлім етті.
— Қалқаман ауылы үшін маңызды жоба. Бірлесе жүзеге асыруға ниетті серіктестері бар. Енді мемлекет тарапынан да қолдап, жүзеге асыруымыз керек. Құзырлы органдар құжатты реттеуге, қаржыландыруға қолғабыс жасайды. Инвестор да ширақтық танытуы тиіс. Ел Президенті елімізде ауылдарды көркейтуге басымдық беріп отырғанын білесіздер. Дәл осы агроөнеркәсіп кешені бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыруға басты назар аударылуда. 50-60 жұмыс орны ашылса, бұл — ауыл үшін үлкен серпіліс. Ауыл көркейіп, тұрмысы өзгереді. Сондықтан, уақыт созбай, сөзбен емес, бәрін іспен барынша жылдам реттеу керек, — деді Асайын Қуандықұлы.
Қалқаманның шұлығы
Көп ұзамай көпшілік Қалқаманда өндірілген шұлық киіп, мақтана алады. Олай дейтініміз, Ақсу қаласына қарасты Қалқаман елді мекенінде жылына 15 млн жұп шұлық өндіретін кәсіпорын ашылмақ.
Қазіргі таңда инвестор «Әлем БТ» ЖШС ауылдағы бос тұрған екі қабатты 1 мың шаршы метрлік ескі, қаңырап тұрған ғимаратты сатып алып, ретке келтіруге бекініп отыр. Жобаның құны – 1,5 млрд теңге. Оның 300 млн теңгесін өзі шығарса, қалғанын несиелік шарт негізінде алмақ. Серіктестіктің жобалық бөлімінің жетекшісі Жанболат Құрманбаевтың айтуынша, кәсіпорын сұраныс болса, болашақта 30 млн жұп шұлық шығаруға қауқарлы. Бұл компанияның бүгінде Шымкент қаласында дәл осында өндірісі жұмыс істеуде. Онда жылына 50 млн жұп шұлық өндіріледі. Қалқаманда ашылса, 300 адамды еңбекпен қамтымақ. Бұл кәсіпорын арнайы дайындалған маман қажет етпейді. Кез келген азаматты оқытып, үйретіп аламыз деп отыр. Шұлықтар оңтүстік кореялық технологиямен өндірілмек. Шикізаттың 80 пайызын Өзбекстаннан, қалғанын Қазақстаннан алмақ.
Алғашында инвестор өндірісті Атамекен ауылында ашпақ болған. Бірақ, аймақ басшысы Асайын Қуандықұлының ұсынысымен Қал-қаман елді мекенін қарастырған. Облыс әкімі осылайша аталмыш ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешіп, тұрғындардың тұрақ-тауына жәрдемдесуді мақсат еткен көрінеді.
— Бұл ауылда халық саны жұмыс істеуге жеткілікті. Жұмыс орны жоқ. Салдарынан жұмыссыздық-тың көрсеткіші жоғары елді мекендер қатарында тұр. Кезінде 3,5 мың халық тұрған еді. Қазір саны 2 мыңға да жетпейді. Өндірісті дамытсаңыздар, ауылда бос тұрған екі қабатты үйлерді мемлекет қаражатына жөндеп беруге әзірміз. Осылайша, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, мемлекет пен жеке сектордың күшін біріктіріп, мәселені оңтайлы шеше алсақ, ауылдың болашағы жарқын болады деген үміттеміз. Инфрақұрылымдық мәселелерді де реттеуге қолдау көрсетіледі, — деді облыс әкімі.
Дайын өнімді сатуға, тасы-малдауға Қалқаманның күрежол бойында орналасуы логистикалық тұрғыдан тиімді болады. Өнім ішкі нарыққа, көрші Ресей аймақтары мен ТМД елдеріне өткізіледі деп межеленіп отыр.
Ақсу қаласының
ауылдық аймағы.
Суреттерді түсірген – Валерий Бугаев.