Референдум күні Аққулы ауданының тұрғындары 24 сайлау учаскесіне барып, дауыс бере алады. Оның екеуі аудан орталығында жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта референдум комиссиясы учаскеде тіркеуде тұрғандарды түгендеп, үй-үйді аралап, шақыру билеттерін таратуда. Аудан бойынша жалпы саны 7 мың 356 адам дауыс беру құқығына ие. 173 адам саяси науқанға алғаш рет қатыспақ.
Коалиция мүшелері ауылдарды аралап, жұртшылықпен кездесу өткізуде. Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен басым бағыттарын кеңінен насихаттауда. «Есіктен – есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарын референдумға белсенді қатысуға, әр азаматтың таңдау жасауы маңызды екенін түсіндіруде.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
