Павлодар облысы әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Аймақ басшысының жаңа орынбасары мен басқарма басшысы тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен 2024 жылғы 17 шілдеден бастап Қабылтаева Әйгерім Жаңбыртайқызы Павлодар облысы әкімінің инвестиция-
лар және бизнесті дамыту бойынша орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары, ветеринария және жер қатынастары басқармаларының жұмысына жетекшілік ететін
болады.
Әйгерім Жаңбыртайқызы 1984 жылы туған. «Бакалавр-химия» мамандығы бойынша жоғары білімі және экология магистрі дәрежесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасының жетекші маманы болып бастап, кейін облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары департаментінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы болып еңбек етті.
Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімімен құрылыс басқар масының басшысы болып Асқар Ажмұрат тағайындалды. Асқар Қадырұлы 1976 жылы туған, жоғары техникалық білімі бар. 1999 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құры-лысшы-технолог» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын сол жылы Павлодар фармацевтикалық зауытында жабдықтау бойынша менеджер болып бастаған. 2001-2002 жылдар аралығында мемлекеттік емес құрылымдарда еңбек етті. 2002 жылдан 2024 жылға дейін Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарында түрлі лауазымда қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласының құрылыс бөлімінің басшысы болып қызмет етті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.