Қазақстан Республикасы Прези-денті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Асайын Байхановтың өкімімен 2024 жылғы 8 тамыздан бастап Айгүл Мәлікова Павлодар облысы әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айгүл Қайыртас-қызы 1976 жылы туған. «Биология және химия», «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білімі және саясаттану магистрі дәрежесі бар. 1997-2008 жылдары Павлодар қаласының мектептерінде мұғалім, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Павлодар қаласы білім бөлімінің маманы болып бастады. 2010-2018 жылдары Павлодар қаласының №20 мектеп-лицейі мен №17 мектебін басқарды. 2018 жылдан бастап Павлодар облысының кәсіподақ орталығында, «AMANAT» партиясының Павлодар қалалық филиалында, Павлодар қаласының білім бөлімі мен әкімі аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2023 жылғы сәуірден бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы болды.
Енді Айгүл Қайыртасқызы облыс әкімінің орынбасары ретінде ішкі саясат, мемлекеттік тілді дамыту, дін, мәдениет, білім және спорт салаларына жетекшілік ететін болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев