Тура бір айдан соң Ақтоғай, Железин және Шарбақты аудандарының әкімдері сайланбақ. Бүгін сағат 18.00-де аудан әкімі атанудан үмітті азаматтарды ұсыну процесі аяқталады. Одан соң кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізіледі.

Биыл пилоттық режимде басталған аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау науқанына біздің облыстан үш аудан қосылды. Бұл – жергілікті мәслихаттың шешімі. Демек, бір айдан соң аталған аудандарға қарасты ауыл-дардың азаматтары алғаш рет әкімді тікелей дауыс беру таңдайтын болады. Осы орайда дауыс берушілердің маңызды белсен-
ді болуы аса маңызды. Себебі, алдағы төрт жылда ауданның тізгінін кімнің ұстайтыны сол таңдауға байланысты. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, үш ауданға қарасты 91 ауылда тұратын 32 мыңнан астам тұрғынның дауыс беруге құқығы бар. Олар 87 сайлау учаскесінде бюллетень ала алады. Ол үшін алдымен тұрғындар өздерінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексеріп алғаны жөн. Яғни, дауыс беру күніне 15 күн қалғанда сайлау учаскелерінен деректердің дұрыс-бұрыстығымен таныса алады. Жалпы, 20 қазаннан бастап азаматтарды дауыс беру орны туралы хабардар ету ұйымдастырылады.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.