6 қазан күні өтетін Республикалық референдумға референдум учаскелері бүгінде соңғы дайындықтарын пысықтауда. Керек-жарақтарын түгендеп, таңдау жасалатын орындарды реттеу жұмыстарын бастап кетті. Дайындық барысымен танысу мақсатында Павлодар қаласындағы №22 референдум учаскесінде болдық.
Павлодар қаласындағы №2 жалпы білім беру мектебінде орналасқан №22 учаскенің референдум комиссиясының хатшысы Алмагүл Ангоноеваның айтуынша, қазіргі таңда комис-сия мүшелері тізім бойынша дауыс беретін азаматтарды тексеріп шыққан. Олар-
дың әрқайсысына аты-жөні жазылған атаулы шақырту қағаздары үй-үйге жеткі-зілген.
— Дауыс берушілер тізімі бойынша жұмыстарды толық аяқтадық. Шақыртулар таратылды. Енді референдум күні жол жүретін немесе өзге мекенде болатын азаматтардан есептен шығару талоны қажет болса, өтініштер қабылдап, қажетті құжатын қолына табыстаймыз. Бүгінде үйден дауыс беруге ниет білдірген азаматтардан өтініштер түсуде.
8 тұрғын үйден дауыс беруге байланысты өтініш берді. Олар денсаулығына және жасының егделігіне байланысты осындай мүмкіндікті пайдаланбақ, Жалпы, үйден дауыс беруге өтініш 6 қазан 12.00-ге дейін қабылданады, —
деді Алмагүл Сембайқызы.
Жалпы, №22 учаскеде сайлаушылар тізімінде 2035 азамат тіркелген. Олардың ішінде 25 жас биыл бірінші рет дауыс беру, таңдау жасау құқығына ие болып отыр. Мүгедектігі бар 10 азамат тіркеуде. Бұл азаматтардың таңдау жасауына барлық жағдай жасалыпты. Яғни, арнайы бұрыш әзірленген. Онда
компьютер және құлаққап, брайль шрифті қарастырылған. Құлағы нашар еститін және естімейтін азаматтар компьютерден референдумға қатысты түсіндірмесі бар бейне ақпа-ратты көріп, содан кейін жеке дауыс беру кабинасында таңдауын жасайды. Ал зағип немесе нашар көретін тұрғындар брайль шрифтінің көмегімен және бейне, аудио жазбаларды тыңдау арқылы саяси науқанның мәнін және қалай таңдау жасау қажеттігімен танысады. Одан кейін кабинада дауысын береді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне арналған жеке кабина да қарастырылған.
Аталмыш учаскеде 9 адам қызмет етпек. Референдум комиссиясының төрағасы, орынбасары, хатшысы және комиссия мүшелері саяси науқанға дайындықты пысықтап, таңдау жасау күні барлығы заңға сәйкес өтуіне күш салады.
Павлодар қалалық аумақтық референдум комиссия-сының төрағасы Зәуреш Мұқа-шеваның мәлімдеуінше, облыс орталығында 139 учаске жұмыс істейді. Оның 17-сі азамат-тардың уақытша болатын орындарында ұйымдастырылады. 1143 азамат комиссия мүшесі ретінде саяси науқанға атсалысады. Жалпы, Павлодар қаласы бойынша 248 778 азамат таңдау жасау құқығына ие, сайлаушылар тізіміне алынған. Учаскелер қажеттінің бәрімен қамтылыпты.
Айта кетейік, аймағымызда Республикалық референдумда таңдау жасау үшін 520 учаске қызмет етеді. Соның ішінде 21 учаске тұрғындардың уақытша болатын орындарында таңдау жасаулары үшін ұйымдастырылады.
Г.ТҮГЕЛБАЙ.