Облыс әкімдігі басқарудың цифрлық форматына көшуді жалғастыруда. Жуырда облыс әкімі Асайын Байхановқа ахуалдық-талдау орталығының деректеріне мониторинг жүргізу мен талдау жасаудың жаңа құралдары, соның ішінде «Қарызсыз қоғам», «Е-akimat365», автобустарды диспетчерлеу жобалары таныстырылды.

Ахуалдық орталықта нақты уақыт режимінде «Easy Project» ақпараттық жүйесі арқылы облыстың инфрақұрылымдық жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізіледі. Биыл жүйеге 350-ден астам жоба енгізілді. Ұлттық жобаларға мониторинг «Битрикс» арқылы жүргізіледі. Бұл 6 бағыт бойынша жұмыстар 111 жобаны қамтиды. Онлайн режимде деректерге шолу жасалады. Қызметкерлер кез келген нысанның құрылыс барысын көріп, білім беру нысандарындағы температуралық режимді бақылай алады және т.б.

Биыл Мемлекет басшы-сының «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында облыстың барлық аудандарында қаржылық сауаттылық сабақтары ұйымдастырылды. Жобалық кеңсе әкімдіктермен, бейінді мемлекеттік органдармен жұмысты белсенді үйлес-тіріп, халықты бағдарламаға қатысуға тартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдас-тырады. Оқу жоспары 6500 адамды қамтуды көздеп, бүгінгі таңда 6495 адам оқытылды. Бұл 99,9 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, кеңсе әкім тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу үшін «Хаттама» жүйесін пайдалануды жоспарлап отыр. Жүйе арқылы барлық тапсырмаларды есепке алу, оларды орындау мерзімдерін белгілеу, орындалу мәртебесі мен сапасын талдау жүргізіледі. Аймақ басшысы ахуалдық-талдау орталығының ағымдағы және жаңа жобаларымен танысып, автобустарды диспетчерлеу, «Қарызсыз қоғам» жобаларының қызметтерін пысықтауды, сондай-ақ, барлық процестердің талдауын жақсарту үшін барлық деректерді уақытылы жаңартуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.