Қазақ тілін еркін меңгерген

Сәу 10, 2025
Photo Valeriy BUGAYEV

Павлодар облысына Польша Респуб-ликасының Қазақстандағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда келді. Облыс әкімі Асайын Байхановпен өткен кездесу тек мемлекеттік тілде өтті. Дипломат қазақ тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізе алатынын көрсетті.

Аймақ басшысы кездесу барысында өңірдің индустриялық әлеуеті туралы айтты. Тараптар инвестициялық ынтымақ-тастықты, мәдени-гумани-тарлық байланыстарды дамыту мәселелері бойынша да пікір алмасты.

Айта кету керек, өңірдегі «Полония» поляктар қоғамы — мәдени қарым-қатынастың маңызды
элементі. Аймақтағы белсенді этномәдени бірлес-тіктердің бірі болып саналатын «Полония» қоға-
мының құрылғанына биыл 30 жыл толады. Өз кезе-гінде Михал Лабенда білім, мәдениет, экономика саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

— Біздің өңірлеріміз ұқсас. Бізде де Павлодар сияқты индустриалды дамыған қалалар, ынтымақтастыққа мүдделі болуы мүмкін көптеген өндіріс орны бар, — деді Михал Лабенда.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында поляк тарапының қатысуымен 4 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олар — «ZUMIR KZ», «Металлоконструкция-ПВ», «Интер-Универсал» және «ASV Management» компаниялары. Кездесуде білім беру, академиялық ұтқырлық аясында студенттер мен оқытушылар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Асайын Байханов Лабенда мырзаның қазақ тілі мен мәдениетін жетік меңгер-генін атап өтті.

– Сіз қазақ тілінде ана тіліңіздің деңгейінде сөйлейсіз және бұл құрметке лайық. Біздің өңірге деген қызығушылығыңыз үшін алғысымды білдіремін. Бірлескен жобаларды іске асыру үшін ынтымақтастыққа қашан да дайынбыз, — деп түйіндеді аймақ басшысы.

Кездесу соңында Асайын Байханов Михал Лабендаға ұлы ақын және философ Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына орай шыққан көп томдық шығармалар жинағын сыйға тартты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген — Валерий Бугаев.