Павлодар облысының прокуроры болып Берік Жүйріктаев тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімі Асайын Байханов таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Бас Прокурордың 2023 жылғы 3 қазандағы бұйрығымен 3-класты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облы-сының прокуроры болып тағайындалды. Берік Қуанышбекұлы 1978 жылы 16 маусымда дүниеге келген. «Тұран» университетінің түлегі. 1999-2010 жылдары Алматы қаласы және Алматы облысының прокуратураларында түрлі лауазымда жұмыс істеді. 2010-2013 жылдар аралығында Алматы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары, 2018 жылға дейін Алматы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Алматы қаласының прокуроры болып еңбек етті.
Сонымен қатар, Павлодар облысының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің басшысы болып Қожамқұлов Мұрат Төлегенұлы тағайын-далды. Мұрат Қожамқұлов 1975 жылы туған, жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қаласы ішкі істер басқармасының тергеушісі болып бастаған. 2003-2013 жылдары ішкі істер министрлігінде, 2013 жылдан бастап Бас прокуратура жүйесінде қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.