Облысымызда мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуге ниетті жастар үшін өңірлік кадрлық резервке өтініш қабылдау басталған болатын. Бірнеше ай аралығында үміткерлер бірқатар кезеңнен өтіп, жан-жақты сыналды. Бүгінде іріктеуден іркілмей өткен үздік 20 жас анықталды.
Әу баста өңірдің 200-ден астам тұрғыны облыстың кадр резервіне өту үшін құжаттарын тапсырған еді. Іріктеудің I кезеңі — ҚР заңнамасын білуге арналған тестілеуден 71 адам сәтті өтіп, келесі кезеңге жіберілді. II және III кезеңдерде ассесменттен өтуді қоса алғанда, үміткерлердің жеке қасиеттері мен құзыреттері бағаланып, нәтижесінде 31 қатысушы өңірлік кадр комиссиясына құрылымдық сұхбат алу үшін ұсынылды.
Кейін қатысушылар өңірлік кадр комиссиясының отырысында өңір тұрғындарының өмірін жақсарту бойынша өз жобаларын ұсынды. Таңдалған тақырыптардың ішінде білім беруді дамыту, инклюзия, спорт, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвес-тициялар тарту және т.б. болды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы, өңірлік кадр комиссиясының төрағасы Асайын Байханов үміткерлердің әрқайсысымен кездесті. Кандидаттармен тілдесу барысында өздерін болашақта қалай көретінін және аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін не істеу қажет деген сауалдарды ортаға тастап, үміткерлердің ой-пікірлерін білді.
Іріктеу қорытындысы бойынша Павлодар облысының кадр резервіне 20 адам өтті. Резервке алынғандар сайлау тәртібімен тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, жергі-лікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген — Валерий Бугаев.