Қазақстанда атом электр станциясы құрылысын қолдау облыстық халықтық штабында кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Бизнес өкілдері алдында штабтың сарапшы мүшелері, соның ішінде «Атамекен» өңірлік палатасының директоры Ерқанат Әбенов, эколог, биология ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетінің доценті Александр Убаськин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантай және тағы басқа азаматтар ойларын білдірді. Елімізде АЭС салудың өзектілігі туралы айтылды. Кәсіпкерлердің сұрақтарына толыққанды жауап берілді.
Айтарлықтай атом энерге-тикалық қуатына ие елдерге АҚШ, Қытай, Франция, Жапония, Ресей және Оңтүстік Корея жатады. Мысалы, Францияда электр энергиясы өндірісінде АЭС-тің үлесі 64 пайызға жуықтайды, Оңтүстік Кореяда – 31, АҚШ пен Ресейде – 18 пайызға таяу, Қытайда – 5 пайыз, Жапонияда 5,5 пайыз. Демек, әлемде атом энергиясының үлесі 100 пайызға жететін ешбір ел жоқ.
Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы еліміздің энергия балансында атом энергиясының үлесін 2035 жылға қарай жиырма пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Өз тілшіміз.