Май ауданында алдағы референдумға дайындық қызу жүруде. Әкімшілік дауыс беру процесінің ашық, әділ және қауіпсіз өтуіне ерекше мән беріп отыр.
Аудан бойынша жалпы 16 учаске референдумға дайындық үстінде. Әрбір учаске қажетті материалдармен қамтамасыз етіліп, қызметкерлер дайындық жұмыстарын аяқтаған. Дауыс беру процесі ыңғайлы және қауіпсіз болатындай ұйымдастырылған. Жалпы, аудан бойынша дауыс берушілер саны – 6 136, ал алғаш рет дауыс беретіндер саны – 165 адам.
Референдумға тең қолжетім-ділікті қамтамасыз ету мақсатында барлық учаскеде арнайы бұрыштар жасақталып, сурдоаудармашылар тартылмақ. Сонымен қатар, үйде дауыс беру мүмкіндігі де қарастырылған.
Бүгінде референдумға шақыру билеттері барлық дауыс берушіге таратылды. Аудан әкімшілігі сайлау кезінде барлық қажетті қызметкер мен материалдардың дайын екенін, дауыс берудің ашық және қауіпсіз өтетінін түсіндірді.
А.БОРАНБАЕВА.
