Конституция – қоғам мен мемлекеттің негізгі заңы, дамуының негізгі мақсаттары мен принциптерін, экономиканы, әлеуметтік және рухани өмірді ұйымдастырудың, мемлекеттік механизмнің қызмет етуінің негізін белгілейді. Саяси және экономикалық жаңғыру жолындағы алғашқы маңызды қадам ретінде, қазіргі жүйені орталықсыздандыру мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен конституциялық реформа бойынша референдум өткізу туралы шешім қабылданды.

Референдум және ауқымды конституциялық реформалар мемлекеттілік пен заң үстемдігінің негіздерін нығайтты, оның маңыздылығын Мемлекет басшысы өз сөзінде ерекше атап өтті. Осылайша, 2023 жылдан бастап Қазақстанның саяси жүйесі жаңаша жұмыс істейтін болды.

Реформалар адам құқықтарын қорғау саласындағы тетіктерді жетілдіруге бағытталды. Мәселен, омбудсмен институты күшейтілді. Біздің елімізде ұзақ уақыт бойы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін айқындайтын заң болмаған. Заңнамалық реформа нәтижесінде омбудсмен 2022 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының конституциялық заңында ғана емес, конституцияның өзінде де бекітілген ерекше мәртебеге ие болды.

Сонымен қатар, атап өтетін жайт, өңірлерде балалардың мүдделерін қорғайтын, олардың білім алуға, денсаулық пен қауіпсіздікке құқықтарын қамтамасыз ететін бала құқықтары жөніндегі омбудсмендердің пайда болғанын атап өткен жөн. Республикада тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты да құрылуда.

Осы мақсатта 2023 жылғы 2 қазанда Президент петиция институтын белгілейтін заңға қол қойды. Өтініш – азаматтардың қоғамдық ортада өз пікірін, мүдделерін, талаптарын білдіру үшін қолданатын құралдарының бірі. Петициялар азаматтық қоғамда маңызды рөл атқарады, өйткені олар азаматтық белсенділікті білдіру механизмін қамтамасыз етеді және нақты бастамаларға кең қолдауды жинауға мүмкіндік береді. Бұл механизм азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы диалогты қолдаудың маңызды құралы бола алады.

Реформалардың күрделі бағытқа ие болғанының бір мысалы, азаматтардың өз мүдделерін қорғау және білдіру бойынша азаматтық белсенділікті ынталандыру болып табылды. Құқықтарды қорғау тетіктерін күшейту мен азаматтық белсенділікті ынталандыру арасындағы теңгерім азаматтар өздерінің құқықтары мен мүдделері құрметтелетінін және қолдау көрсетілетінін сезіне алатын күшті және әділ демократиялық жүйені құру үшін маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынған саяси бастамалары негізінде біз, «Ауыл» партиясы өкілдері, ағымдағы жылдың 20-21 маусым арасында партиямыздың республикалық ХХІV съезінде жаңа редакциядағы Жарғысы мен Саяси бағдарламасын қабылдадық. Осы орайда партиямыздың әрбір қазақстандыққа лайықты өмір сүруге мүмкіндік жасау жайындағы миссиясы ел басшысының ұстанымына тұспа-тұс келеді.

Адам Конституция күнін мемлекет өміріндегі айтулы оқиға ретінде қабылдауы керек деп есептеймін. Қолданыстағы конституция әрбір адамның өміріне зор ықпал етеді, өйткені ол оның құқықтары мен міндеттерінің жүйесін, оларды жүзеге асыру кепілдіктерін белгілейді.

Құрметті аймақ тұрғындары, осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істе-ріңізге сәттілік тілеймін.

 

Болат Аманжолов,  «Ауыл» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты.