1994 жылы елімізде мәслихаттар институты құрылды. Сол уақыттан бері түрлі деңгейдегі мәслихаттар халықтың мүддесін қорғап, мұң-мұқтажына құлақ асып, тұрғындарды толғандырған түйткілдердің оң шешімін тауып келеді. Өңір шекарасының бекітілуі, маңызды жобаларға бюджеттік қаржының бөлінуі сынды тұтас әлеуметтік-экономикалық мәселелердің барлығы да осы депутаттардың алдынан өтеді.