Бала ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан кезде жанына ата-анасы немесе заңды өкілі кіргізілетін болады.
«Ашық реанимация» қағидаты — анестезиология және реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде балалардың тәулік бойы ата-анасы немесе заңды өкілдерімен бірге болуын ұйымдастыруды көздейді. Мұндай жаңашылдық мүгедектігі бар, онкогематологиялық аурулары бар, паллиативтік көмекке мұқтаж, өлім аузында жатқан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмақ. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталған стандартты енгізу балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуге оң ықпал етеді. Сонымен қатар, қосымша шығынды қажет етпейді.
Құжат жобасы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.
Айдана ҚУАНЫШЕВА.