Павлодарлық медицина қызметкерлері мәскеулік жетекші неонатологтардың оқыту курсынан өтті. Павлодар облыстық перинаталдық орталығының базасында өткен үш күндік оқыту циклы денсаулық сақтау саласындағы маңызды индикаторлардың бірі — сәби өлімін азайтуға бағытталған.

Л.А.Ворохобов атындағы мәскеулік аурухананың реаниматологтары мен неонатологтары жаңа туған нәрестелерді емдеу бойынша тәжірибелері-мен бөлісті. Аурухананың жансақтау және қарқынды терапия қызметінің жетекшісі Алексей Мостовскийдің айтуынша, жақында олар Ресейде ең ірі 42 реанимациялық орын ашқан.

— Бұл айтарлықтай үлкен бөлімше. Жалпы, бізде 142 науқас бала бар. Шетелдік әріптестердің барлығы мұндай жетістіктерімен мақтана алмайды, — дейді мәскеулік дәрігер.

Шетелдік мамандардың білім беру бағдарламасы медбикелер мен дәрігерлерге арналған және жаңа туған балалардың қарқынды терапиясына, тыныс алуға, гемодинамиканы басқаруға, күйзелісті емдеуге және жаңа туған балаларды дұрыс күтуге арналған. Бұған дейін ресейлік неонатологтар өз елінің басқа өңірлерінде медицина қызметкерлерін оқытып, елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін айтты. Бірінші кезекте сәби өлімінің екі есеге азаюына мүмкіндік беріп отыр. Оқыту барысында павлодарлық жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің 15 неонантологы мен медбикесі біліктілігін арттырды. Тағы 12 павлодарлық дәрігер хирургия және кардиология бейіні бойынша Санкт-Петербург пен Белоруссияда оқуда. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 25 млн теңге қарастырылған.

 

Т.ӘБІЛДА.