Скринингтің жаңа түрі

Ақп 20, 2025

Елімізде медицина саласында скри-нингтің тағы бір түрі енгізіледі. Енді 18  жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтау мақсатында скрининг жүргізіледі. Мұндай жаңалықты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

В және С вирустық гепатиттері адам ағзасында негізінен жасырын пайда болатындықтан  65 пайыз
жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырының дамуымен аяқталады. Тіпті, адам өліміне және мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларды ерте сатысында анықтап, ем-шараны уақытылы бастаудың маңызы зор.

В және С гепатиті қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғуы ықтимал. В және С вирустық гепатиті өзгемен қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді пайдалану арқылы берілмейді.

В – гепатиттің емделмейтін түрі. Кейде адам В гепатитінің қоздырғышы оның ағзасында бар екенін білмей қалады. Ағзадағы ауру белгісі созылмалы бауыр ауруына әкелуі мүмкін.

Барлық вирустық гепатитке әлсіздік, жүректің айнуы, құсу, ұйқысыздық, дененің қышуы, терінің сарғаюы сынды белгілер тән.

Заманауи зертханалық қан сараптамасы  диагноз анықтауға, вирустың генотипін және бауырдың зақымдану дәрежесін анықтауға көмектеседі.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.