Павлодарлық онкологтар өкпеге 20-дан астам операцияны МӘМС бойынша жүргізді. Бұрын онкологиялық науқастар ғана басымдыққа ие болса, қазір қатерсіз ісіктері бар аймақ тұрғындары да тегін көмек ала алады. Операцияның арқасында олар болашақта қауіп-қатерден арылады.

Облыстық онкологиялық орталықта жас әйел өкпедегі қатерсіз ісікті алып тастады. Мұндай операцияның құны 700 мың теңгеден асады. Бірақ пациентке тегін көмек көрсетілді. Ота шағын тілік арқылы жасалды.

— Бұрын мұндай патологиясы бар науқастарға МӘМС бойынша көмектесе алмадық. Тек ақылы негізде немесе республикалық орталықтар – Астана, Алматы қалаларына бару керек болды. Енді біз бұл операцияларды өз базамызда тегін жүргізе бастадық, — деді онкодиспансердің кеуде бөлімшесінің онколог-хирургі Бекайдар Махметов. Қатерсіз түзілімдер аз инвазивті әдіспен жұмыс істейді. Яғни 20 сантиметрлік классикалық кесудің орнына ұзындығы 4-5 сантиметр тілік жасалады. Ол арқылы шағын камера мен хирургиялық құралдар енгізіледі.

— Ауырсыну синдромы әлдеқайда аз, операциядан кейінгі кезеңде антибиотикалық терапия іс жүзінде қолданылмайды. Ең бастысы, науқас қалыпты өмірге тезірек оралады, — дейді Бекайдар Махметов. Әдетте мұндай операция шамамен 30-40 минут уақыт жасалады. Алтыншы күні науқас үйге шығарылады. Қатерсіз түзілімдер әдетте кәсіби тексерулер кезінде анықталады. Олар жедел түрде жойылады, өйткені дәрігерлер бір күні қатерсіз процесс қатерлі ісікке айналмайтынына кепілдік бере алмайды. 2021 жылы МӘМС бойынша павлодарлық онкологтар өкпеге 15 операция, 2022 жылы 14, 2023 жылдың басынан 22 операция жүргізген. Бұған дейін павлодарлық онкологтар скринингтерді өткізіп алмау қаншалықты маңызды екенін еске салып, қайғылы статистиканы айтқан болатын. Облыстық онкологиялық орталықтың пациенттері арасында өкпенің қатерлі ісігі – онкопатологияның кең таралған түрлерінің бірі. Мұндай диагнозы бар павлодарлықтар арасында өлім деңгейі 17 пайызды құрайды. Сондықтан уақытында тексеруден өту маңызды. Жақында қала тұрғындары осындай мүмкіндікке ие болады. Павлодар онкологиялық диспансерінде өкпе обырының алдын алуға және ерте анықтауға арналған ашық есік күні өткізіліп, маманнан тегін кеңес алу мүмкіндігі берілді. Көрсеткіштер бойынша пациенттерге төмен дозалы КТ жүргізілді.

Торғын ОРАЗАЛЫ.