Тәуелсіздік күні облыс әкімі Асайын Байханов бастаған өңір жұртшылығы Желтоқсан оқиғасы құрбандарының рухына тағзым етіп, кешегі күні ұлт азаттығы жолында жан берген қаһармандардың ерлігін еске алды.
Бұрнағы күні облыс орталығында тәуелсіздіктің 33 жылдығына арналған саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Тағзым мен тарих ескерткішінің алдындағы салтанатты шараға қала тұрғындары, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, діни конфессиялардың, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, шығармашылық зиялы қауым қатысып, Тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғалардың өшпес ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алды.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Тәуелсіздік — біздің баға жетпес байлығымыз» деген болатын. Халқымыз ұзақ жылдар бойы армандаған азаттыққа жас қыздар мен жастардың қайсарлығымен қол жеткізілді! Бүгін біз саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан оқиғасына қатысқан жандардың рухына тағзым еттік, — деді облыс әкімі.
Өз тілшіміз.
Суретті түсірген — Валерий Бугаев.