Павлодар облысының таэквондодан құрама командасы республикалық турнирде үздік нәтиже көрсетті. Аймақ намысын қорғаған спортшылар 9 алтын медаль еншіледі.
Облыстық ғаламдық таеквондо федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау қаласында «Caspian Cup» республикалық турнирі өз мәресіне жетті.
Чемпионатқа еліміздің 7 қаласы мен облысынан 200-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Астана, Алматы қалалары мен Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған таэквондошылар бар. Бұл сайыста Павлодар облысының намысын 23 спортшы қорғады.
Спортшылар жеке сында екі тәртіп бойынша бақ сынады: хъёнги (ресми кешен) және массоги (спарринг).
Жарыс нәтижесінде облыс спортшылары хъёнги тәртібі бойынша 4 алтын, 6 күміс, 7 қола, ал массоги жүйесінде 5 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль иеленді.
Турнир соңында үздік нәтиже көрсеткен Томирис Жанғозина, Айша Жанғозина және Камилла Әбутәліпке үздік техникасы үшін Кубоктар табыс етілді.
«Caspian Cup» турнирінің қорытын-дысында командалық-медальдік жарыста облыстық құрама үшінші орынды иеленді. Ал Маңғыстау облысының спортшылары жарыс жеңімпазы атанса, Ақтөбеден келген таэквандошылар екінші орынды иеленді.
С.СЛЯМҒАЛИ.