Олжалы оралды

Там 21, 2025

Тоғызқұмалақтан Павлодар облысының құрамасы Моңғолияда өткен әлем чемпионатында жеті медаль қоржынға салды.

Бұл чемпионат тірек-қимыл қозғалысы бұзылған жандар арасында өтті. Мүгедектігі бар азаматтар үшін тоғызқұмалақ ойыны — тек логика мен стратегия құрудың сайысы емес, сондай-ақ жеңіске деген ынта-жігерді танытатын зияткерлік жарыстардың бірі.

Моңғолияда өткен чемпионатқа әлемнің түрлі елінен жиналған спортшылар қатарынан павлодарлық ойыншылар ерекше көзге түсті. Олар төрт алтын, екі күміс және бір қола медаль еншіледі. Әсіресе, классика мен блиц түрлерінде қарсылас шақ келтірмеген Оразалы Житенов көпшілікті таңғалдырып, тамсандырды. Сол сияқты Қуаныш Булкенов пен Динара Диярова әлемдік деңгейдегі жарыстың чемпиондары атанды.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.