Чемпионмен кездесті

Мам 15, 2025
Photo Valeriy BUGAYEV

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Жапониямен қатар 18 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан құрамасының құрамында 15 боксшы өнер көрсетіп, 10 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 5 күміс және 1 қола.

Біздің жерлесіміз, Баянауыл ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Нұрислам Ташмағанбет Үндістан, Иордания және Өзбекстан елдерінің спортшыларынан басым түсті. Финалда 5-0 есебімен айқын жеңіске жетіп, 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтынға ие болды.

— Сен әлемдік аренада еліміздің намысын абыроймен қорғап, шеберлігіңді көрсете білдің. Осынау жарқын жеңісіңмен құттықтаймын, — деп атап өтті Асайын Байханов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Суретті түсірген — Валерий Бугаев.