Қоржында – алтын!

Нау 20, 2025

Таяуда Талқықорған қаласында бокстан ерлер арасында ел чемпионаты өтті. Түкпір-түкпірден жиналған кіл мықты-лардан басым түскен жерлесіміз чемпион атанды.

Талдықорған қаласында 23 жасқа дейінгі ерлер шаршы алаңда қолға түйістірді. Олардың қатарында аймақ намысын қорғаған Әлихан Ақпанбаев та бар. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмейді. Бәсеке барысында шаршы алаңға бес рет көтеріліп, барлығын жеңіспен аяқтады. Сөйтіп, республикалық турнирдің алтын медалін еншіледі.

Әлиханның бұл жетістігі оған Ұлттық құрамаға жолдама берді. Енді ол еліміздің алдыңғы қатарлы боксшылары тізіміне қосылды. Бұл өз кезегінде әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.