Балалар шығармашылығын және бос уақытты қамту орталығы «АMANAT» партиясының Ертіс аудандық филиалымен бірлесіп, орталық стадионда футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Бұл жолдастық кездесу өскелең ұрпақ пен футбол ардагерлері арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – аға буын мен өскелең ұрпақ арасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірім-дердің жазғы уақытын тиімді пайдалану. Аталмыш шара барысында спорт ардагері Д.Кохия, Ертіс аудандық «АMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, спорт ардагері, футболдан аудандық команданың бас жаттықтырушысы Б.Багиенов, аудандық мәслихат депутаты М.Абдалинов құттықтау сөз сөйлеп, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Матчтың алғашқы секундтарынан ойын қарқынды басталды. Футбол жанкүйерлері өз командаларын қолдап, ойынды қыздыра түсті. Ойын ардагерлердің пайдасына шешіліп, 2:1 есебімен аяқталды. Жарыс соңында футбол ардагерлері Балалар шығар-машылығын және бос уақытты қамту орталығы командасына сыйлықтар табыс етіп, алдағы уақытта тұрақты негізде бірлескен жаттығулар өткізуді ұсынды.

 

Райхан НАРҚҰЛАН.

Ертіс ауданы.