Мұхтар Сүлейменов 1912 жылы қазіргі Май ауданы Жаңатілек ауылында туған. Құдай қосқан жары Сақыпжамал Шайғазықызы да осы ауылда өмірге келген.

Мұхтар ата 1932 жылы Новосібірге қудаланып, әскери завод құрылысына қатысқан. 1941 жылы әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Майдан даласында көрсеткен ерлігі үшін марапаттарға ие болған. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Мұхтар Сүлейменов Краснокутск ауданы Спартак совхозында агроном, бас экономист қызметін атқарды. Бүкіл совхоздың қаржы жоспарын есептеп шығаратын еді. Сақыпжамал Шайғазықызымен 40 жыл отасып 2 қыз, 2 ұл өсіріп тәрбиеледі. Үлкен қызы Қапия мен ұлдары Серік өмірден озған. Тағы бір қызы Өркен Екібастұз қаласында тұрады. Ұлы Қоблан Сүлейменов облыста автокөлік саласында абыройлы қызмет етті.

Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Мұхтар Сүлейменовтің есімі ұрпақтарының жүрегінде мәңгілік сақталады.

 

Қанат ШАЙҒАЗИН, ҚР Журналистер одағының мүшесі.