Новоямышев ауылындағы жалпы орта білім беру мектебі биыл күрделі жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылын ата-аналар алғысымен бастады. Білім күніне орай аудан әкімі мектептің жұмысымен танысып, жаңа ғимараттың ішін аралап көрді.
Аталмыш мектептің іргетасы 1988 жылы қаланған. Білім ошағында сол уақыттан бері тек кішігірім жөндеу жұмыстары жүргізілген. Биыл мектеп толықтай жаңартылып, күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде үш қабатты мектептің іші жарық, интернет орнатылған. Сондай-ақ, информатика, физика, химия пәндері бойынша арнайы кабинеттер жұмыс істеп тұр. Оқушылар мен ұстаздар қауымына қолайлы жағдай жасалған.
— Мектебімізде енді бәрі жаңа, заманауи әрі әдемі. Жыл сайынғы бояу-әрлеу жұмыстары мен кішігірім косметикалық жөндеу жұмыстары оқушыларға қажетті жайлылықты қамтамасыз ете алмады. Қазір мектепте әдеттегі дәліздер жарық әрі кең, кабинеттер жабдықталған, терезелерде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы құрылғылар орнатылған. Сондай-ақ, жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілді, — дейді ата-аналар.
А.МҰҚЫШЕВ.