Аймағымызда мал басы, сәйкесінше, шөп шабылатын шабындық көлемі ең көп аудан — Баянауыл. Мал шаруашылығы бағытына басымдық берілетін бұл ауданда бүгінде шөп шабу науқаны қызу.

Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мәліметінше, биыл 287,1 мың гектардан шөп шабылуы керек. Қазіргі таңда 80 пайызынан шаруа- лар шөп шауып алған. 170 мың тонна шөп үйіліпті. Оның 120 мың тоннаға жуығы қыстаққа тасылған. Баянауылда өзге аудандардағыдай жайылмалық алқаптар жоқ. Тек қырдың шөбін шабады. Оған қоса, табиғаттың мүмкіндігіне қарай мал да қыста сыртта көп жайылады. Десе де, шаруалар биылғы өнімділікті ұтымды пайдаланып, 1,5 жылдық қор жинап алмақ. Яғни, 233 мың тонна шөп дайындалмақ. Биыл мұнда гектарынан орташа есеппен 8 центнерден шөп алынуда. Бұрнағы жылдары ең көбі 5 центнерден айналған екен.

Айта кетейік, ауданда бүгінде 66 411 бас жылқы, 109686 бас қой, 24 мыңнан астам ешкі және 122 түйе бар.

 

Г.МАҒЖАН.