Шұға ауылында су құбырының құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта қоршау, орнату жұмыстары жүргізілуде және сыйымдылығы 50 текше метр болатын резервуарды орнату жоспарланған. Су құбырын алдын ала іске қосу 15 қазанға жоспарланған.
Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов жұмыс сапарымен Жолболды ауылдық округінің Шұға және Шілікті ауылдарына барып, ағымдағы жобалардың іске асу барысымен танысты.
— Шұға ауылында медициналық пунктің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ол жерде ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуда. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба бойынша жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, — деді аудан әкімі.
Ал Шілікті ауылында спортзал құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта ағаш еденді төсеу жұмыстары, беткейлерді орнату, сырлау, ішкі безендіру және электр сымдарын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тексеру барысында жылыту жүйесін орнату бойынша ескертулер атап өтілді, қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
Өз тілшіміз.