Биыл атауы жаңарған Қоржынкөл елді мекенінің көшесі де жаңаруда. Нақтысы, бір көшесіне жаңадан асфальт төселіп, тұрғындарды қуантуда.

Аталмыш елді мекен кіретін Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі Лидия Примактің мәлімдеуінше, ауылішілік жол құрылысына қаржы облыстық бюджеттен бонустық трансферт аясында бөлінген. Яғни, 0 млн теңгеден астам қаражатқа ауылда 1,7 шақырым жолға асфальт төселді. «Асфальтбетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жол салу жұмыстарын тамызда бастап, ағымдағы аптада аяқтаған. Ауыл әкімінің айтуынша, елді мекенде негізгі көшелерде тас жол бар. Алдағы уақытта шағын көшелер де асфальтталады деген жоспар, үміт бар.

Жалпы, бұл ауылда 385 адам тұрады. 2021 жылы ауылдың іші толық жарықтандырылған.

Г.МАҒЖАН.