2024-2025 жылыту маусымында Ақтоғай ауданы тұрғын-дарының көмірге деген сұранысы 27128 тоннаны құрайды. Аудан тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етуші — Ақтоғай ауылында орналасқан «Транс-Дэйле» ЖШС.

Қазіргі уақытта тұрғындар үшін қоңыр көмірдің сметалық құны ауылдың қашықтығына қарай тоннасына 20 000 теңгеден 24 000 теңгеге дейін, тас көмір тоннасына 16 000-18 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, Instagram желісіндегі aktogay_akimdigi парақшасында қатты отынды сататын орындар туралы байланыс телефондары көрсетілген жарияланым бар.

Айта кетейік, бүгінде бюджеттік саланың барлық қазандығында қажетті ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазандықтар мен жабдықтарға энергетикалық сараптама жасау, отыншылар мен жауапты тұлғаларды аттестаттау және нысандардың дайындығы туралы актіні ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.