Железин ауданында 14 азамат биыл алғашқы жұмыс орнын тапты. Нақтысы, олар «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы аясында еңбекке араласқан.

Аудандық «Мансап» орталығының мәліметінше, негізі 11 азаматты аталмыш бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамту жоспарланған. Алайда, сұранысқа қарай тағы үш тұрғын еңбекпен қамтылды. Олар ауыл шаруашылығы, білім беру, мәдениет және мемлекеттік басқару салаларында жұмысқа орналасқан. Яғни, маркетолог, хатшы, механизатор, техник, іс жүргізуші, мұғалім, аспаз болып еңбек етуде.

Одан бөлек, железиндік 63 жас маман «Жастар практикасының» игілігін көруде. Олар ауданның әр ауылдық елді мекенінде жұмыс істейді. Көбі білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы салаларында және шағын, орта бизнес ұйымдарында еңбек етеді.

Айта кетейік, «Алғашқы жұмыс» орны бағдарламасымен азаматтар 18 ай уақытша жұмыс істей алады. ары қарай жұмыс беруші тұрақты жұмыспен қамтиды. Диплом қажет етілмейді. Сертификат та жарайды. Ең бастысы, бұған дейін ешбір жерде жұмыс істемегені талап етіледі. Ал «Жастар практикасы» бойынша диплом міндетті түрде болуы тиіс.

 

Г.МАҒЖАН.