Железин ауданында қазіргі таңда күзгі жиын-терім жұмыстары қызу. Диқандар ауа райының қолайлы күндерін барынша тиімді пайдаланып қалуға тырысуда.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биыл 136.5 мың гектарға дәнді дақылдар егілген. Оның 113,7 мың гектарынан астық орылған. Жалпы жиын 140 мың тоннаны құрап отыр. Дәнді дақылдардың шығымдылығы орташа есеппен гектарынан 12,3 центнер. Дәнді дақылдар ішінде ауданда бидай, тары, арпа, қарақұмық егілген. Майлы дақылдар дәні себілген 41,4 мың гектар алқаптың бүгінде 1,5 гектарынан өнім жиналды. Бұл дақылды, әдетте, алғашқы суық түскен соң оратыны белгілі. Майлы дақылдардың шығымдылығы гектарынан 10,3 центнерден айналуда. Майлы дақылдар алқабының басым бөлігі — күнбағыс өсімдігі. Одан бөлек, 1,9 мың гектарға железиндік диқандар картоп еккен. Гектарынан орташа есеппен 370 центнер картоп жиналған. Картоп жинау жұмыстары аяқталуға жақын.
Г.МАҒЖАН.