Демалыс күндері Шарбақты ауданының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Әлеуметтік жәрмеңке барысында азық-түлік тауарлары қолжетімді бағамен ұсынылды. Аудан тұрғындары ет өнімдері, көкөністер мен басқа да заттарды дүкендегіден едәуір арзанға сатып алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Мәселен, сиыр етінің бір келісі 2000 теңгеден сатылса, бидай мен тары қалдықтарының бір қабы 1000 теңгеден берілді. Сондай-ақ, отын ретінде кесілген дайын шөркелер де сатылымға қойылды. Оның бір қатары 8000 мың теңгеден саудаланды.

Шарбақтылықтар ауыл шаруашылығы өнімдерінің әлеуметтік жәрмеңкесі алдағы уақытта да үздіксіз ұйымдастырылып тұрса екен деген тілектерін жеткізді.

Н.ШОДЫР.