Ауданда егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Астықты жинау жұмыстарында 7 шаруа қожалығы белсенділік танытып, 3 астық кептіргіш, 8 тазалау машинасы астық жинайтын 96 комбайн тартылды.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұсынған мәліметіне сүйенсек, Ақтоғай ауданы бойынша осы жылғы егін жинау алаңы 73 мың гектарды құрайды. Оның ішінде дәнді дақылдар – 52,6 мың га, майлы дақылдар – 7,8 мың га, картоп – 3,2 мың га, көкөністер – 0,5 мың га, жем-шөп – 8,9 мың га. Бүгінде дәнді дақылдар 41,4 мың га, картоп 2,2 мың га, көкөністер 0,34 мың гектар жиналды.

Ақтоғай ауданына берілген 36 өтінімге сәйкес күзгі-егістік және жем-шөп дайындау жұмыстарын жүргізуге 1861 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Оның ішінде шабындық жұмыстарға – 94,8 тонна, егін жинау жұмыстарына 1 766,5 тонна қарастырылған. Арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны 281,5-282,5 мың теңгені немесе литріне 236-237 теңгені құрайды. Қазіргі уақытта 1 735 тоннаға өтінім берілді.

Ал келесі жылы егінге 9,649 мың тонна тұқым (отырғызу материалы), оның ішінде дәнді дақылдар – 4,905 мың тонна, жем-шөп – 0,009 мың тонна, картопты 4,735 мың тонна себу жоспарлануда.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.