Жақында «Кітапхана: стереотиптер мен форматтарды өзгертеміз» атты Шарбақты ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің күні аталып өтті.

Осындай тақырыппен С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ұйымдастырылған шара барысында көпшілік назарына сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұсынылды. Онда кенептегі акварель, гипстегі акварель кескіндемесі, Шалдай орманы ағаштарынан әзірленген сыйлықтар қойылған. Сондай-ақ, аудандағы «Победа», «Абай» ЖШС-тері өз өнімдерінің әлеуметтік жәрмеңкесін өткізіп, айтулы күннің мерейін асырды. Шара қатысушылары «Ертіс орманы: саяхат соқпақтары» атты көрмені де тамашалап, Шарбақтының қасиетті жерлері, өңірдің туристік көрікті орындары туралы ақпараттармен таныс болды. Қала тұрғындары шарбақтылық кітапханашылар дайындаған тәттілерден ауыз тиіп, талант иелерінің өнеріне тәнті болып тарқасты.

Н.АҚЫТЕГІ.