Жолболды ауылының тұрғындары көтерген негізгі мәселе-лердің бірі — сумен жабдықтау мәселесі. Дегенмен, қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесінің суды тазарту жабдықтары ауыстырылуда. Апта соңында тұрғындар сапалы ауызсуды пайдалана алады деп күтілуде.
Аудан әкімі Қаршыға Арынов Шұға, Шілікті және Жолболды ауылдарына жұмыс сапарымен барып, ағымдағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын тексерді.
Бүгінде Шұға ауылында медициналық пункттің құрылысы, Шілікті елді мекенінде спорт залдың құрылысы аяқталуға жақын. Осы аталған нысандарды осы жылдың қазан айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Аудан әкімі, сондай-ақ, қазіргі уақытта дайындық жұмыс-тары жүргізіліп жатқан Шілікті ауылына кірме жолдың жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Одан бөлек, осы жылдың қараша айының соңына дейін аталған елді мекендегі медициналық пункттің және Шұға ауылындағы су құбырының құрылысын аяқтау жоспарланған.
А.БОРАНБАЕВА.