Тереңкөл ауданының құзырлы органдары мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп-тұруына, тиісті көмекпен қамтылуына мән беруде.
Аудан әкімі Азамат Маңғұтовтың мәлімдеуінше, аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі 659 азамат тұрады. Олардың ішінде 380 тұрғын бірінші және екінші топқа жатса, 75-і — ерекше қажеттілігі бар балалар.
Биыл 10 айда 2890 азамат жалпы сомасы 102,2 млн теңгенің әлеуметтік көмегімен қамтылған. Одан бөлек, аудан көлемінде 16 әлеуметтік нысанды мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуі тиіс ғимараттар тізіміне алынған. Оның ішінде 7-еуі мәдениет және спорт нысандары болса, бесеуі – білім беру ордалары, үшеуі — денсаулық сақтау мекемелері. Сонымен бірге, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты да мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп-шығуына лайықталмақ. Қазіргі таңда бұл нысандардың 12-сінде бейімдеу шаралары жүргізілген.
Г.МАҒЖАН.