7 елді мекенді қамтиды

Сәу 17, 2025

Железин ауданында биыл шыбын-шіркейге қарсы шаралар күшейтілмек. Былтыр аталмыш ауданда тұрғындар тарапынан дәл осы қансорғыштардың көптігіне шағым көп түскен.

Аудан әкімі Айтуған Шайхимов бұл жұмыстардың нәтижелі өтуіне жергілікті билік тарапынан ұйымдастырушылық тұрғыдан барлық жәрдем көрсетілетінін атап өтті. Биыл шыбын-шіркейге қарсы улау жұмыстары Ертіс өзенін бойлай орналасқан жеті елді мекенді қамтымақ. Өңделетін аумақ көлемі 5 есеге артып отыр. Айта кетерлігі, Железинде биыл алғаш рет әуеден өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, облыста қазіргі таңда дернәсілдердің даму кезеңдеріне фенологиялық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Аймақта 172 мың гектар жерді әуеден өңдеу көзделген.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.