Халықтық құрылыс – ауқымды жоба

Қар 10, 2026

Үкіметте Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Ведомство басшылары Жолдаудың әр басымдығын іске асыруды көздейтін іс-шаралар туралы баяндады.

Басты назарда – инфрақұрылым жобалары

Премьер-министрдің орынба-сары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет оты-
рысында Президенттің «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын ұсынды.
Құжат 12 бағыт бойынша 96 іс-шараны қамтиды.

Жоспар аясында «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бекітіледі. Оны жүзеге асыру кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын пайдалану жоспарлануда.

«Негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінетін болады. Жұмыстар сапасын бақылау қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ТКШ-ні жаңғырту, тұрғын үй құры-
лысын жалғастыру, елді мекендерді ауызсумен және газбен қамтамасыз ету көзделген», — деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, көлік инфра-құрылымын кеңейту жоспарлануда. 2027 жылдың мамыр айында Зайсан, Қатонқарағай және Кендірліде жаңа әуежай-ларды пайдалануға беру жоспарланған. Тағы бір жоба – Астанада
жаңа әуежай салу. Жұмысты келесі жылдың маусым айында бастау жоспарлануда.

2027 жылдың соңына дейін «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысын аяқтау жоспар-лануда. Автомобиль көлігі сала-сында заманауи жол бойы инфра-құрылымын жайластыра отырып, «Арал – Каспий« және «Көкшетау – Петропавл» трассаларын қоса алғанда, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды салу және реконструкциялау жал-
ғасады. Соңғы кезең барлық автомобиль өткізу пункттерін толық
реконструкциялау, сондай-ақ интеллектуалды көлік жүйесін енгізе отырып, жүк тасымалын электрондық құжаттарға ауыстыру болмақ.

Агроөнеркәсіпте жаңа жүйе

Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінде ұзақмерзімді қаржы-ландыру және су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізіледі. Агроөнеркәсіп кешенін және су ресурстарын жетілдіру саласында мал шаруашылығы, өнімді қайта өңдеу және сақтау бағдарламаларын ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық тракторлар мен комбайндар өндірісін қолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.

«Келесі жылдан бастап барлық ауылшаруашылық өндірушілердің агрологистикалық орталықтардың инфрақұрылымына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету жоспарланған. Су ресурстарын басқару бөлігінде 2027 жылдың наурызында Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құру аяқталады»,  — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді

Үкімет қолданыстағы инвес-тициялық саясатты қайта қарайды. Орталықтандырылған және цифрлық басқаруды енгізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы функциялардың қайта-лануын болдырмау, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету көзделеді.

«Шағын және орта бизнесті дамыту саласында ағымдағы жылдың соңына дейін Орта кәсіпкерлікті дамыту жоспары бекітіледі. Құжат кәсіпорындарды ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландыруды және технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қарастырады», — деп атап өтті С.Жұманғарин.

Сонымен қатар бақылау жүйесін қайта жүктеу және реттеудің цифрлық моделіне көшу үшін үзіліс ретінде микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізудің мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылданады.

Әлеуметтік қолдау тәсілдері қайта қаралады

 Ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыру, атаулы әлеуметтік қолдау тәсілдерін өзгерту және педагогтерге есепті жүктемені қысқарту міндеттері — Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында көзделген.

Ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ, еңбек өтілі мен жүктемесін ескере отырып, сараланған қосымша ақылар есебінен алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің учаскелік мамандарының жалақысын арттыру көзделген.

«Жыл соңына дейін отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа цифрлық тәсілдерін пилоттық сынақтан өткізу аяқталады. Қажет-тілік қағидатын енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталады», — деді Ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин.

Үкімет жобаны мақұлдады

Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.

Жоспар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 12 бағыты бойынша 96 іс-шараны қамтиды және «Халықтық құрылыс» жалпыхалықтық құрылыс жылын жүзеге асыру, көлік және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, ТКШ жаңғырту, өнеркәсіп пен АӨК-ті қолдау, цифрлық шешімдер мен ЖИ технологияларын енгізуге бағытталған шаралар кешенін қарастырады. Жекелеген шаралар қатарына кәсіпкерлікті дамыту, салық және қаржы жүйелерін жетілдіру, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру, халықты әлеуметтік қолдауды күшейту, жалақыны көтеру және педагогтерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту кіреді. Сондай-ақ стратегиялық ресурстарды басқарудың жаңа тетіктерін қалыптастыру, капитал нарығын дамыту және заңнаманы жетілдіру де көзделген.

Дауыс беру нәтижесінде Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы мақұлданды.

«Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы Жолдаудың негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысының бастамалары аясында қойылған міндеттерді сапалы әрі жедел шешуге бағытталып отыр. Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көлік және энергетика инфрақұрылымын жаңғырту, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін
арттыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселе-леріне баса мән беруі керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Әкімдіктерге өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы жүзеге асырып, әлеуметтік нысан-дардың құрылысын, су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды.

«Заң жобаларын уақытылы әзірлеп, Құрылтай қарауына енгізу қажет. Жоспардың әрбір тармағын қаржыландыру мәселесін мұқият пысықтаңыздар. Басты міндет – іс-шаралардың барлығын тиімді әрі дер кезінде орындау», — деп атап өтті Премьер-министр.

Ұлттық экономика министрлігіне Үкімет аппаратымен бірлесіп, Президент Әкімшілігіне Мемлекет басшысының тиісті Жарлығының жобасын енгізу тапсырылды. Премьер-министрдің орынбасар-лары өздеріне бекітілген Жоспардың жүзеге асырылуын қадағалауды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Дәрі-дәрмекпен қамту – маңызды іс

Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берілген тапсырмалары аясында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шаралары қаралады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше назар аударды. Жаңа инфрақұрылым құрылысын жаппай жүргізу және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімді болуы – біздің негізгі басымдықтарымыз»,  — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады.

Елімізде вакциналарды сақтау мен тасымалдауды бақылаудың бірыңғай цифрлық жүйесі құрылуда. Бұл жүйе температуралық ауытқу-ларды нақты уақыт режимінде анықтауға, вакциналардың сапасын сақтауды қамтамасыз етуге және иммунопрофилактика шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаның экономикалық тиімділігі, ең алдымен, вакциналардың жоғалуын азайту және қорларды басқаруды оңтайландыру арқылы қол жеткізіледі. Жүйеге 3,5 мыңнан астам нысан мен 800-ден астам автокөлікті қосу жоспарланған. Жаңа жүйе вакциналарды жеткізудің барлық кезеңдерінде – Бірыңғай дистрибьютор қоймаларынан медициналық ұйымдарға дейін қажетті температуралық жағдай-лардың сақталуын бақылауға мүмкіндік береді.

Министрдің мәлімдеуінше, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде пациенттерге ақысыз берілетін дәрі-дәрмектердің тізбесін кеңейту жоспарлануда. Оған 14 ауруды емдеуге арналған 22 препарат кіреді.

2025 жылдан бері «Әлеуметтік әмиян» жүйесі арқылы электрондық рецепт бойынша дәрілік заттармен қамтамасыз ету үлесі 82%-ға жетті. Бұл дәрі-дәрмектерді пациенттерге тікелей жіберу процесінің ашықтығын арттырады. Пациенттерді қажетті дәрі-дәрмектермен уақытылы қамтамасыз ету үшін 2027 жылға арналған сатып алу науқаны өткен жылмен салыстырғанда үш ай бұрын басталды. Қыркүйек айында препараттардың қажетті көлемінің 84%-ы сатып алынды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне «әрбір емделуші қандай дәрілердің ақысыз берілетінін, оларды қайдан және қашан алуға болатынын білуге тиіс» деген тапсырма берді.

«Ақысыз дәрімен қамтамасыз ету жүйесіне де ерекше назар аударыңыздар. Бұл, бірінші кезекте, үздіксіз ем қабылдауды қажет ететін созылмалы аурулары бар азаматтар үшін аса маңызды. Дәрілік заттарды алудың түсінікті әрі ыңғайлы тәртібін қамтамасыз ету керек. Әрбір емделуші қандай дәрілердің ақысыз берілетінін, оларды қайдан және қашан алуға болатынын, қиындық туындаған жағдайда қайда жүгіну керектігін білуі тиіс. Сондай-ақ үйреншікті дәріні басқа өндірушінің өніміне алмастырған жағдайда, оның себептері мен қолдану тәртібін қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Бұл әсіресе, ұзақ уақыт немесе тұрақты емделуді қажет ететін балалардың ата-аналары үшін маңызды. Ақпараттың аз болуы мен әкімшілік рәсімдер ауыр науқастар үшін кедергіге айналмауы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі осыны негізгі қағида ретінде басшылыққа алсын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өңір әкімдіктеріне Денсаулық сақтау министрлігімен бірге әрбір инвестициялық жобаға қолдау көрсетіп, жер және инфрақұрылым мәселелерін уақтылы шешуді, сондай-ақ жұмыс кестелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тарату үшін бірыңғай дистрибьютордың қоймаларын салу жобаларын жандандыруға қолдау көрсету тапсырылды.

Бюджет шығындарын азайту және Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімге сәйкес өңірлерде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде ашықтықты арттыру мақсатында әкімдіктерге олардың тек «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьютордан сатып алынуын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

«Барлық мемлекеттік органдар отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға белсенді түрде қолдау көрсетуі тиіс. Орталықтың деңгейінде шешімді талап ететін мәселелер бойынша нақты ұсыныстарды жедел енгізу қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Әзірлеген – Н.ҚАНАТБЕКҰЛЫ.