Ауданның даму жағынан ауылдық округтерден алда келе жатқан Береговое елді мекенінде тұрғындарды жұмыспен қамту ісі жолға қойылған. Еңбек етуге ниетті азаматтарға мұндағы шаруашылықтардан да жұмыс табылады.
Ауылдық округтің әкімі Дамир Төлековтің айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі әлеуметтік мекемелерде, сонымен қатар жекеменшік кәсіпорындарда еңбек етеді. Бір бөлігі мал, құс өсіріп, нәпақасын тауып отыр. Аталмыш ауылдық округте қазіргі таңда 46 шаруа қожалығы, 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 24 жеке кәсіпкерлік жұмыс істейді.
Жұмыссыз азаматтар мансап орталығы арқылы еңбекке тартылады. Өткен жылы 4 адам жұмысқа орналастырылған.
2 жас маман жастар практикасы арқылы жұмысқа тұрыпты. Ал 11 тұрғын қоғамдық жұмыстарға тартылған. Жалпы, бүгінде ауылдық округ аумағында 1413 адам тұрады.
Г.МАҒЖАН.