Ақтоғай ауылындағы Абай атындағы орта мектепте «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы бойынша мектептің таныстырылымы өтті. Жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталмыш жобаның тұсаукесеріне аудан әкімі Қаршыға Арынов, облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина, облыстық мәслихат депутаты К.Ибрагимов және мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты.
Шараның салтанатты ашылуынан кейін қонақтарға жаңартылған кабинеттер бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында STEM зертханасы, ұлдар мен қыздарға арналған технология кабинеті, жұмыс техникасы мен информатика кабинеті, медиа студия, физика, химия, биология кабинеті, арт-студия және керамика кабинеті таныстырылды. Экскурсиядан кейін қонақтарға мерекелік, музыкалық бағдарлама ұсынылып, қорытындысы шығарылды.
А.БОРАНБАЕВА.