Жуырда Естай атындағы мәдениет сара-йында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс ардагерлерінің көркемөнерпаздар және сәндік-қолданбалы өнер байқауы лауре-аттарының қорытынды гала-концерті өтті.
Қалалық және аудандық ардагерлер кеңесі үш кезеңнен тұратын байқаудың барлық шарттарынан сүрінбей өтіп, мықтылары жүлделі орын мен ақшалай сыйлыққа ие болды.
Аталмыш байқау Ұлы Жеңістің 55 жылдығынан бері өткізіліп келеді. Яғни дәстүрлі мерекенің тарихы мен маз-
мұны мол. Қан майданда батырлығы мен отансүйгіштік қасиетімен ерекшеленген жауынгерлерімізді құрмет тұту мақсатында өткізу дәстүрге айналған. Сондай-ақ, байқаудың міндеті – зейнеткерлер және ардагерлер қатысатын шығармашылық ұжымдардың қызметі мен көркемөнердегі деңгейін арттыру.
Өткен жылдың күзінде бастау алған байқаудың биыл мереке қарсаңында қорытындысы шығып, үздік-терін анықтады. Одан бөлек, қала мен аудандағы қолөнер шеберлері ерекше заттарын көрмеге қойып, жиналған қауымды тастан жасалған кәдесыйлар, сырмақ, ұлттық үлгідегі әшекей-бұйымдар мен ауыл-аймақтағы жәдігерлерімен тәнті етті. Шараға келген өңір басшылығы сөз сөйлеп, келе жатқан ұлы күнмен құттықтады.
– Біз әрқашан аға ұрпақтың жүріп өткен жолына қарап, өз болашағымызды айқындаймыз. Сіздердің еселі еңбектеріңіз, туған ел үшін төккен терлеріңіз — біз үшін зор үлгі. Осындай ерен еңбектің арқасында ғана бейбіт өмір сүру-деміз. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тағы бір бастаманы қолдап отырғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова.
Облыстың қалалары мен аудандарының ардагерлер ұйымдары үздік қойылымдарын дайындап, жергілікті құнды жәдігерлері мен қолөнер бұйымдарын көпшілікке паш етті. Солардың бірі – Май ауданы «Ақсақалдар кеңесінің» мүшесі Алтынбек Байғалиев аудандық мұражайдың құнды жәдіргерлерін көрмеге қойды.
– Өткен жылы өткізілген көрмеде жүлделі 1-орынды иелендік. Бүгінде азамат-тарымыздың туындыларын, тарихи қолөнерін тұрғын-дардың назарына ұсынып отырмыз. Бұл жәдігерлер қалмақ қырылған тауларында Олжабай батыр басқарған кезеңде табылған. Әсіресе соғыс, шайқас кезінде қолданған құралдар көп. Енді міне, облыс деңгейіне
шығып, аталған жәдігерлермен қоса, майданда ерлік көрсеткен біздің аудан тумаларының көзі тірі кезінде салынған суреттерін көрмеге қойып отырмыз. Ең көне жәдігерлерің бірі – XVII ғасырда қолданылған жылқының ер тоқымы, – дейді мұражай меңгерушісі.
Айта кетерлігі, аудандық ардагерлер ұйымдары қатысқан байқау қорытындысы бойынша Железин ауданы 3-орынды, Ақтоғай ауданы 2-орынды алып, Тереңкөл ауданы 1-орынға ие болды. Ал бас жүлдені Баянауыл ауданы жеңіп алды. Сондай-ақ, қала арасында өткізілген көркемөнерпаздар байқауында 2-орынды Ақсу қаласының ардагерлер ұйымы, 1-орынды Павлодар қаласының ұйымы иеленіп, бас жүлде Екібастұз қаласына бұйырды. Сәндік-қолданбалы өнер сайысында Павлодар ауданы 3-орын, Ертіс ауданы 2-орын, Май ауданы 1-орынға ие болды. Одан бөлек, жүлделі орын иегерлерінің барлығына ақшалай сыйлық табысталды.
«Мәңгілік естелік» ұранымен ұштасып өткізілген гала-концертте ардагерлер ұйымдарының өнерпаздары көрермендерді әсем ән, сазды әуенмен қуантып, мақтаныш пен сағынышқа толы күй сыйлады.
Салтанат ҒАББАС.